Елдегі дизель тапшылығы қалай реттеледі

06.09.2022 00:59

Сондай-ақ Болат Ақшолақов битумның өндіріс көлемін Ресей шикізатының есебінен ұлғаятынын да жеткізді

Almaty.tv

Елдегі дизель тапшылығын жою үшін оны Ресейден импорттамақ. Алғашында 100 мың тоннаға дейін жанар-жағармай әкелінеді. Бұл туралы Энергетика министрі айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.


Оның сөзінше, тасымалдау ісімен  «ҚазМұнайГаз» компаниясы айналысады. Таяу арада алғашқы партиясы жеткізілмек. Соңғы 8 айда республикада дизель отынын өндіру 3 млн 530 мың тоннаны құрапты. Сондай-ақ Болат Ақшолақов битумның өндіріс көлемін Ресей шикізатының есебінен ұлғаятынын да жеткізді.

«2022 жылға битум өндіру жоспары 726 мың тоннаны құрады. Іс жүзінде 8 айда шамамен 600 мың тонна өндірілді. «QazaqBitum» бойынша өндіріс жоспарының орындалмауы басқа мұнай өңдеу зауыттарымен салыстырғанда битумға бағаның жоғары болуына байланысты жол-құрылыс компанияларынан өтінімдердің болмауымен түсіндіріледі. Өйткені «QazaqBitum» оны импорттық шикізаттан гудрон өндіреді», – деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.