Алматыда ЛРТ салу мәселесі жуырда шешіледі – Ерболат Досаев

07.07.2022 22:12

Төле би көшесінде салынған трамвай жолының орны бар, дамытуға мүмкіншілік бар

kolesa.kz

Алматыда ЛРТ салыну мәселесі қазанның басына дейін шешіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  ерболат Досаев журналист сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Көлік кептелісін шешу мақсатымен, Алматыға ЛРТ керек дейді. Бірақ, елорданың ЛРТ-сі тағдырын қайталай ма деген алаңдаушылық бар. Болашақта Алматыда ЛРТ салына ма және оған қанша қаражат керек"- деді журналсит.

"Алматыға ЛРТ керек. Төле би көшесінде салынған трамвай жолдарының орны бар, дамытуға мүмкіншілік бар. Алдынғы жылы қоғамдық кеңес жиналысында осыны талқыладық, шешімін қазанның басына дейін табамыз", -деді Ерболат Досаев.