Мүгедектігі бар адамдардың мүдделеріне қатысты заң шығару мәселесі талқыланып жатыр – Ләззат Қалтаева

07.07.2022 23:13

Жиында әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері жан-жақты қаралды

Almaty.tv

Мүгедектігі бар адамдардың мүдделеріне қатысты заң шығару мәселесі талқыланып жатыр. Осылай деген Сенат депутаты Ләззат Қалтаева бүгін қоғам жетекшілерімен әлеуметтік қызметтер үйінде бас қосып, мүдектігі бар жандардың мұң-мұқтажын тыңдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері жан-жақты қаралды. Көкейде жүрген сұрақтар айтылып, ұсыныстар жолданды.

«Бүгін мүгедектер қоғамдық ұйымының жетекшілері және үкіметтік емес ұйымдардың басшысымен бірге бірқатар мәселелерді талқыладық. Оның ішінде мүдегектігі бар жандарды баспанамен қамтамасыз ету және инво-такси қызметінің сапасын жақсарту секілді бірнеше сұрақ көтерілді. Жиында аталған түйткілдер талқыланды», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева.  

«Сенат депутаты Қалтаева Ләззат Молдабекқызы келіп, бізбен кездесіп, жиналып қалған проблемаларды талқыладық. Мүгедектердің мәселелері бүгін көтерілді», – деді Бостандық ауданы мүгедектер қоғамының төрағасы Ұлан Іңкәрбеков.