Алматыда балалар алаңы мен қала тұрғындарының демалыс аймағы көбейеді

Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата
Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата
Бостандық ауданы тұрғындары өтінішімен 1 гектар жер учаскесі абаттандырылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бос жерлерге балалар алаңы мен қала тұрғындары үшін демалыс аймағы салынады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бостандық ауданы тұрғындарының өтінішімен ауданы 1 гектар жер учаскесі абаттандырылады

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті. Абай даңғылының оңтүстігінде және Гагарин даңғылының батысында орналасқан 1 гектар аумақты абаттандыру жоспарымен танысты.

Бос жер инфрақұрылым нысанына айналып, Алматының оңтүстік бөлігіндегі қоғамдық кеңістіктерге маңызды орын болады. Құрылыс жұмыстары биыл 10 қарашада басталды.

Аумақты абаттандыруда қоғамдық тыңдауларда және жобаны талқылау барысында айтылған дүниелер ескерілді. Мұнда ойын алаңы, футбол және баскетбол алаңы, скейтпарк, сонымен қатар итпен серуендеуге арналған орын бар. Сонымен қатар орындық, қоқыс жәшіктері мен перголалар қойылады. Ағаштар отырғызып, суару жүйесімен қамтылады. Аумақты абаттандыру жұмыстары әлеуметтік жауапкершілік аясында жүргізіледі.

Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин қала басшысына ағаштардың санитарлық мақсатта бұтақтары кесілгенін, ағаш отырғызып, футбол алаңы жөнделгені туралы есеп берді. Қазіргі уақытта жұмыстың 15% аяқталды. Жобаны 2024 жылдың тамызына дейін аяқтау жоспарланып отыр.  

Ерболат Досаев аймақтарды бөлуді ескеріп, бос уақыт пен демалыс алаңдарын қайта құруды, қарттар мен балалар үшін оларды абаттандыру, шатырлар жасауды тапсырды. Жаңа қоғамдық аумақтың жобасы ауданның инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, жылдың кез келген уақытында отбасылық демалыс пен спорттық іс-шара өткізудің жаңа орталығына айналады. 

Сонымен қатар Алматы әкіміне Абай даңғылынан Жандосов көшесіне дейін Гагарин гүлзарын қайта құру және абаттандыру бойынша 2024 жылға жоспарланған жоба таныстырылды.

Анықтама үшін: Бостандық ауданын абаттандыру аясында биыл 80 аула аумағында күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 қоғамдық кеңістікке, 10 спорт және балалар алаңына жөндеу жұмысын жүргізуді көздейтін 800 млн теңгеге 17 жоба іріктелді. 12 жерасты және 7 жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2024 жылға «Атакент», «Южный» парктерін, Үлкен Алматы және Есентай өзендерінің жағалауларын, бірқатар субұрқақ және т.б. қамтитын Тұңғыш Президент саябағын күрделі жөндеу жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы жаңа корпусының құрылыс қарқын қалай

Новости партнеров