Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында Бостандық ауданындағы Балаларға шұғыл медициналық көмек орталығының операциялық блогы бар қабылдау бөлімінде болып, жаңа корпустың құрылысымен танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Құрылыс-монтаж жұмысының қарқынына назар аударылды. Айта кетейік жоба 2021 жылы тамыз айында басталды. Алайда мердігер ұйым тапсырманы уақытылы орындамауы себебінен іс тұрақтап қалған.
Келісім бойынша белгіленген мерзімді бұзғаны үшін компания қатысты сотқа талап арыз берілді. Мәселен сот шешімімен 2023 жылдың шілде айында «Ақ орда корпорациясы» ЖШС мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды және бюджетке 12,3 млн теңгеден астам сома тұрақсыздық айыбы ретінде өндірілді.
Қала басшысы 2023 жылдың шілде айында аумақты аралау кезінде берілген ескертулердің жойылуын тексерді. Бүгінгі таңда нысанда 90 жуық адам жұмыс істейді. Ғимарат құрылымы, шатыр, сыртқы қабырғалар мен бөлімдерді қалау, терезе блоктары және ішкі әрлеу жұмыстары аяқталды. Инженерлік коммуникациялар, лифттерді орнату, қасбет, әрлеу, абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Ерболат Досаев құрылыс-монтажды 2023 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтауды тапсырды. Ендігі алдын ала сатып алынған және қоймаларда орналасқан жабдық орнатылады.
Орталық жылына 110 мыңнан астам балаға амбулаториялық-диагностикалық тексеру бойынша қызмет көрсетеді. Тәулігіне қабылдау бөліміне 350 астам адам келеді. Емхана ғимаратындағы қабылдау бөлмесі өте тар және ескі жоспармен салынған. Жүктеме ауыр, пациенттердің ағынын реттеудің триаж - жүйесін енгізуге мүмкіндік бермейтін.
Ал жаңа операциялық блогы бар қабылдау бөлімі үш қабатты корпустан тұрады. Мұнда науқас балаларды қабылдау мен бөлу қызметі жедел жүргізіледі. Сондай-ақ жалпы-шұғыл медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетерлігі қабылдау бөлімінің корпусы аурухананың бұрыннан бар бір қабатты жаяу жүргіншілер галереясымен байланыса алады.
Алматы әкімі құрылыс - монтаж жұмыстарын пациенттердің қауіпсіздігі мен жайлылығы талапқа сәйкестігін ескере отырып жүргізу қажеттігіне назар аударды: атап айтқанда қала басшысы пластикалық есіктерге, қозғалуға ыңғайлы болу үшін тақтайшалардың болмауына, баспалдақтарда сырғанауға қарсы жабындының болуына назар аударды. Ерболат Досаев инфрақұрылым инклюзияны ескере отырып салынуы және қазіргі заманғы медицинаның жоғары стандарттарына сәйкес келуі тиіс екенін атап өтті. Мүмкіндігі шектеулі топ өкілдері үшін корпуста пандустар және тактильді тақтайшалар орнату көзделеді.
Жалпы Бостандық ауданында медициналық мекемелерге жүктемені азайту үшін ағымдағы жылы 5 денсаулық сақтау нысанын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы келетін шетелдік туристер саны артты