Мәдениет саласының үздіктері марапатталды

Мәдениет саласының үздігі төсбелгісі мен Президент атындағы Құрмет грамотасына ие болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің өнерпаздары Мәдениет саласының үздігі төсбелгісі мен Президент атындағы Құрмет грамотасына ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Одан бөлек, оркестр басшылығы қаламы қарымды журналистерді де ұмыт қалдырмады. Жыл бойына шығармашылық топтың жаңалығына жаршы болып келген тілшілерге ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады. Олардың ішінде «Алматы» телеарнасының қызметкерлері де бар. 

Еске сала кетейік, Тәуелсіздік күні қарсаңында Құрманғазы оркестрі "Ұлттық" деген мәртебеге ие болған еді. 

«Мынау барлығымыздың үлкен жетістігіміз, үлкен қуанышымыз - кешегі Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен қол қойылып алынған Құрманғазы оркестрінің "Ұлттық" мәртебесі құтты болсын», – деді Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры Медет Қуанышев.

Новости партнеров