Алматыда «Ашық жүрек» еріктілер орталығы ашылды

14.09.2020 22:14

Бүгінгі таңда қалалық «Волонтерлар лигасының» құрамында 2 мыңдай адам бар

almaty.tv

Алматыда «Ашық жүрек»  еріктілер  орталығының ашылу рәсімі өтті. Қыркүйек айының соңына дейін мұндай орталықтар Қазақстанның барлық облыстарында пайда болады деп күтілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға қатысқан Алмалы ауданының әкімі  Бекқали Торғаев елдегі пандемиялық ахуал кезеңінде мұқтаж жандардан көмегін аямаған еріктілерге алғыс айтты.

Бүгінгі таңда қалалық «Волонтерлар лигасының» құрамында 2 мыңдай адам бар. Ұйым қатарын толықтырып, қоғамға пайдасын тигізгісі келетін кез келген адам еріктілер қауымдастығына мүше бола алады.

«Басты талабымыз  адамның шын ниеті деп айтсам да болады. «Көмектескім келеді, волонтер болғым келеді» деген волонтерладың барлығын біз қуана-қуана қабылдаймыз. Бастапқыда біз волонтерді қабылдаағн кезде түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырамыз. Курстардан өткіземіз, яғни қалай дұрыс көмек көрсету керек, үйретеміз деп айтсам болады», – деді «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ қалалық филиалының төрайымы Бағдат Анарбаева.