Алматы әкімінің орынбасары Асқар Амрин қала скверлерін абаттандыру жұмыстарымен танысты

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Амрин қала скверлерін абаттандыру жұмыстарымен танысты
Ол барлық скверлерді 1 қарашаға дейін қолданысқа беруді тапсырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Амрин қала скверлерін абаттандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімінің орынбасары Асқар Амрин қала скверлері мен көшелерін абаттандыру жұмыстарының сапасын тексерді.

Бірінші нысан Оқушылар сарайының маңындағы сквер болды. 2021 жылы Оқушылар сарайы алдындағы жалпы ауданы 5 га құрайтын аумақты абаттандыру жобасы бекітілді. Қазіргі таңда 40% бөлшектеу жұмыстары аяқталып, жаңа суару жүйесінің траншеясы қазылды. Жарықтандыру жүйесін, балалар алаңын, отырндықтар мен қоқыс жәшіктерін орнату, суару жүйесін қалпына келтіру, көгалдандыру – 147 жапырақты және қылқанжапырақты ағаш отырғызу жұмыстары жоспарланған. Тексеру барысында Асқар Амрин зақымданған тамыр жүйесіне мән беріп, жұмыс технологиясын жасыл желекке зиян тигізбейтіндей етіп қатаң сақтауға бақылауды күшейту туралы тапсырма берді. Әкім орынбасары сквердің тарихи келбетін сақтау қажеттігіне баса назар аударды. Жұмыстың қарқынын күшейту үшін қосымша жұмыс күшін тартып, орнату жұмыстарын қыркүйекте аяқтауды тапсырды.

Келесі нысан Мемлекеттік мұражай алдындағы сквер болды. Қазіргі кезде бұл аумақта бөлшектеу жұмыстары аяқталған, жарықтандыру жүйесі орнатылған, субұрқақ түбі бетондалып, суару жүйесінің құбырлары салынған. Бұдан әрі кіші архитектуралық пішіндерді орнатып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Алматы әкімінің орынбасары жұмыс сапары барысында Байсейітова көшесінің Жамбыл көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігін абаттандыру жұмыстарымен танысты. Аталған аумақта жарық жүйесі орнатылып, кеспетастар төселген, суару жүйесінің құбырлары тартылған. Жұмыстарды қазан айының соңында аяқтау жоспарланған.

Асқар Амрин Әлия мен Мәншүк атындағы скверді абаттандыру жобасымен танысты. Әкім орынбасары апатты ағаштарды кесер алдында мамандарды шақырып, жасыл желекті толық тексерістен өткізуді тапсырды.

Қала әкімінің орынбасары абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан орындардың бірі Қазақ-Британ техникалық университеті жанындағы Солтүстік скверіне де барды. Ол мердігер ұйым өкілдеріне жұмыс сапасына қатысты бірқатар ескерту жасап, қосымша мамандар шақырып, жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

Нәтижесінде Асқар Амрин Экология және қоршаған орта басқармасына ескерту жасап, қысқа мерзімде барлық олқылықтарды реттеуді, орнату жұмыстарын қыркүйекте аяқтап, барлық скверлерді 1 қарашаға дейін қолданысқа беруді тапсырды.

Новости партнеров