Алматының қай көшесінде екіжақты көлік қозғалысы енгізіледі
tvernews.ru
Жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына өзгерістер тәжірибелік негізде енгізіліп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2023 жылғы 26 маусымнан бастап Москвин көшесінде жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап.
Аталған көшенің Солтүстік айналма жолынан Рысқұлов даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы екі бағытта жүргізілетін болады. Бұған дейін көшемен тек бір бағытта жүруге болатын.
Жол қозғалысын ұйымдастыру сызбасына өзгерістер тәжірибелік негізде енгізіліп отыр, аталған жол бөлігіндегі көлік жағдайын сараптау нәтижесіне қарай уәкілетті органмен бірлесе отырып нақты шешім қабылданатын болады.
Жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлап, ҚР Жол жүру ережелерін сақтап, жол белгілеріне баса назар аударуға кеңес береміз.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
15.10.2026 13:44
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 08:14
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
15.10.2026 13:30
Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды
14.10.2026 10:18