|
24.07.2024 | 17:16
1098

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы болып Сайран Сайфеденов тағайындалды

2023 жылдан бастап Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып жұмыс істеді

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы болып Сайран Сайфеденов тағайындалды Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Сайран Сайфеденов білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі 

Сайран Сайфеденов 1974 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін, Алматы үздіксіз білім беру университетін, Қазақ жол және қатынас университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Алмалы ауданы әкімінің аппаратында, сондай-ақ қала әкімінің аппаратында жұмыс істеді, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Наурызбай ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.

Әр жылдары Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары, Әуезов ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир