Алматының 14-аумақ шағынауданындағы жеті жылға ұласқан ауыз су мәселесі шешілді

19.10.2023 22:21

Әкім тұрғындармен кездесіп өзекті мәселені талқылады

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары аясында Алатау ауданындағы 14-аумақ шағынауданындағы су құбыры мен кәріз желілеріне қатысты мәселені шешу бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сондай-ақ, сол жерде тұрғындармен кездесу өтті, олар әкімге өзекті мәселелерді айтты.

14-аумақ шағынауданында инженерлік желілердің тозу мәселесі соңғы 7 жылда орын алып отыр. 14-аумақ шағынауданындағы сумен жабдықтау және кәріз желілері 1960-1970 жылдары салынған (орташа пайдалану мерзімі 30 жыл). Жаңа желілерді салу бойынша жоба 2017 жылы жасалды, алайда «Керегетас» ЖШС компаниясы жосықсыз мердігердің себебінен жұмыстар жүргізілмеді, сот талқылаулары өтті. Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша көктемде жұмыстарды аяқтау үшін 2,7 млрд теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінді. Биыл мамыр айында «Болашақ S құрылыс» ЖШС жаңа мердігерлік ұйымымен шарт жасалды.

Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков қала басшысына жұмыстардың 5 айда 75%-ға аяқталғаны туралы баяндады. Бүгінде 16 проблемалық көше бойынша 7,5 км сумен қамту және 5 км кәріз желілерін (барлығы 7.5 км) салу жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде желтоқсан айында 5 мыңнан астам адамды қамтыған 630 үйді жаңа инженерлік желілермен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Ерболат Досаев аудан әкіміне 14-аумақ шағынауданындағы инженерлік желілерді тарту жұмысын аяқтау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды. Қала басшысы шағынаудан тұрғындарымен қарым-қатынас жасай отырып, барлық инженерлік коммуникациялар қараша айының басында жүргізілетінін, айдың соңына дейін абоненттерді қосуды аяқтау жоспарланғанын атап өтті. 14-аумақтың тұрғындары өз кезегінде Ерболат Досаевқа шағынауданның проблемаларын шешу бойынша қабылданған шаралар үшін алғыс білдірді. 

Сондай-ақ жарықтандыруды жолға қою туралы өтініш айтты. Алматы әкімі сыртқы жарықтандыруды модернизациялаумен айналысқан жеке компанияға қарсы сотта қаланың жеңіске жеткенін, енді бұл мәселе бойынша тиісті өкілеттіктер аудандар деңгейіне берілетінін айтты. Пилоттық жоба қазіргі уақытта Алмалы ауданында жүзеге асырылуда. Алатау ауданында мәселе пысықталып, шешілетді: 10 күн ішінде АҚЖ-мен көшені жарықтандыруға шартқа қол қою жоспарлануда, жарықты қосумен 5-6 жұмыс бригадасы айналысады.

Анықтама:

Алматы қаласы бойынша биылғы 9 айда барлығы 46 км жаңа сумен жабдықтау желілері, 13 кәріз сорғы станциясы салынды. Жыл соңына дейін тағы 35 км сумен жабдықтау желісі  мен 10 КСС құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын кезең-кезеңмен азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, ағымдағы жылы сумен жабдықтау желілерінің тозуын 54,3%-ға (2022 ж. – 55,8%), су бұруды 57%-ға (2022 ж. - 57,5%) дейін төмендету жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы 14-ші аумақ тұрғындарымен қала әкімі кездесті