Жетісу ауданының үш шағынауданында медициналық мекемелер салынып жатыр

Яндекс.Новости
Яндекс.Новости
2022 жылы Кемел шағын ауданында 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу ауданының үш шағынауданында медициналық мекемелер салынып жатыр. Аудан әкімі Гүлнар Көкебаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аудандағы мектептер, балабақшалар мен медициналық ұйымдардың құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Спикердің айтуынша, ауданда «Шетсіз қала» бағдарламасы жүзеге асырылуда, басқаша айтқанда, әр шағын ауданда білім беру, медицина нысандары, белсенді демалыс орындары болады.

Сондықтан Кемел, Айнабұлақ және Құлагер шағынаудандарында бірден үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы шешім қабылданды. Аяқталу мерзімі – 2022 жылдың 1-ші және 2-ші тоқсандары. Оларға кіру тегін болады.

Бұдан басқа, келер жылы Кемел шағынауданында 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынады. Ал биылғы жылдың соңына дейін №11 емханада сейсмикалық күшейту мен күрделі жөндеу аяқталады.

Сондай-ақ әкім Құлагер шағынауданында және Саяхат автовокзалының жеке секторы аумағында емханалар мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты. Оның айтуынша, Құлагердегі емхана алаңы бойынша сәйкес келмейді, ал Саяхат аумағында  ол мүлдем болмаған. Аудан әкімдігі Сидоркин көшесі, 14-те ауданы 1 647 шаршы метр екі қабатты ғимаратты және Омаров көшесіндегі ауданы 1 967 шаршы метр үш қабатты ғимаратты сатып алды.Кейін бұл орындарда емхана ашу жоспарлануда.

«Биыл №57 мектепке 300 орынды және №102 мектепке 150 орынды қосалқы нысан құрылыстары аяқталды, сонымен қатар екі мектепте де жаңа акт залдары салынды. 600 орынды №177 мектепке қосалқы нысан мен №43 мектепте асхана құрылысы аяқталуда», деді Гүлнар Көкебаева.

№129 мектепте сейсмикалық күшейту мен күрделі жөндеу, сондай-ақ «Жұмысшы кенті» елді мекенінде «2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үй қорын реновациялау» бағдарламасы бойынша 8 үйдің орнына 7 үйдің құрылысы жалғасуда.

Бұдан басқа, аудан әкімдігі Айнабұлақ-4 шағынауданында 160 орынды балабақша, №148 (300 орын), 103 (250 орын), 112 (300 орын), 850 орынды қосымша құрылыстар салуды және №101 мектепке акт залын салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Жұмысшы кентінде» ауысымына 100 келушіге арналған емхана құрылысына ЖСҚ әзірлеу басталды.

Гүлнар Көкебаева келесі жылы қолға алынатын Көкмайса шағынауданындағы Есентай өзені жағалауының құрылысы туралы хабарлады.

Новости партнеров