Алматы энергия кешені қызметкерлерінің арасында бильярд спортынан V мерейтойлық турнир өтті
YouTube
Жалпы турнирге 16 ойыншы қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мегаполисте Алматы энергия кешенінің қызметкерлері арасында бильярдтан V мерейтойлық турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстандағы энергетика күніне арналған.
«Турнир жыл сайын өтеді. Биыл АЖК, KEGOC, АЭС, «Мойнақ ГЭС» қатысып жатыр. Мұнда сабырлы болуға және дәл тигізуге үйренуге болады. Сондай-ақ математика мен геометрияны меңгеруге ықпал етеді. Қатысушыларымыз бір-бірімен сайысқа түседі», – дейді электр тораптары ұйымдары жұмыскерлерінің «Жергілікті «Серіктес» кәсіподағы» ҚБ-нің төрағасы Қали Сабржан.
Жалпы турнирге 16 ойыншы қатысты. Үздік үштікке бильярд бойынша әлем чемпионы Ернар Шымбаев бағалы сыйлықтар мен медальдар табыстайды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31