|
26.04.2024 | 17:22
899

Алматыда ауыл шаруашылығына берілген жер учаскелері тексеріледі

Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі

Алматыда ауыл шаруашылығына берілген жер учаскелері тексеріледі Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Алматыда қала басшысы Ерболат Досаевтың қатысуымен тау бөктеріндегі құрылыс саласындағы сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындыларының ұсынымын орындау мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалада жалпы ауданы шамамен 3 581 гектар болатын 2 054 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша 2 777 меншік иесі бар.

 — Осыған байланысты ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару департаменті Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтау үшін тексеру жүргізуде, — деді қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин.

Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Бұдан өзгемемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі мен өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың нақты шекаралары бойынша деректер енгізілді.

Оқи отырыңыз: Алматыда қала құрылысы регламенттерін іске асыру жоспары қабылданады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир