Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі
Алматыда қала басшысы Ерболат Досаевтың қатысуымен тау бөктеріндегі құрылыс саласындағы сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындыларының ұсынымын орындау мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалада жалпы ауданы шамамен 3 581 гектар болатын 2 054 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша 2 777 меншік иесі бар.
— Осыған байланысты ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару департаменті Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтау үшін тексеру жүргізуде, — деді қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин.
Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Бұдан өзгемемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі мен өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың нақты шекаралары бойынша деректер енгізілді.
Оқи отырыңыз: Алматыда қала құрылысы регламенттерін іске асыру жоспары қабылданады