Алматыда су құбыры желілерінің мәселесі қалай шешіліп жатыр

inform.kz
inform.kz
Қолданыстағы жерасты және жерүсті су көздерінің жобалық қуаты тәулігіне 1343 мың м3, қаланың қазіргі қажеттілігі тәулігіне 600-750 мың м3 құрайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының сумен жабдықтау және кәріз жүйесі еліміздегі ең ірі жүйе. Қолданыстағы жерасты және жерүсті су көздерінің жобалық қуаты тәулігіне 1343 мың м3, қаланың қазіргі қажеттілігі тәулігіне 600-750 мың м3 құрайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгінде қала шекарасындағы коммуналдық инфрақұрылым біркелкі дамымаған. Қаланың кейбір бөліктерінде орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйесі жоқ. Қолданыстағы желілердің негізгі бөлігі кеңестік жылдары дамудың жай-күйін және сол кездегі қала шекараларын ескере отырып салынды. Тәуелсіздік жылдарында қала шекаралары бірнеше рет кеңейді. Бұрын инженерлік инфрақұрылымы жоқ совхоздар мен бау-бақша шаруашылығына тиесілі жерлер қалаға қосылды.

Наурызбай ауданы бойынша қолда бар су тапшылығын жою үшін Қарғалы (15 мың м3) және Ақсай (22 мың м3) өзенінде су дайындау бойынша екі станция құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ Барлык (43,2 мың м3) кусталықы су қоймасы жобалануда. Бұл барлық шағынауданды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бостандық ауданының оңтүстік бөлігі бойынша Ерменсай су дайындау станциясының құрылысы жүргізілуде, Медеу ауданының тау бөктеріндегі шағынаудандарын сумен қамтамасыз ету үшін кусталық Балқаш және Бастау су қоймасын  қайта жаңарту жоспарлануда.

Негізгі мәселе тозған су желілері болып қала береді, бұл белгілі бір тұтынушыға су жеткізуді қиындатады. Мәселен, Алматы қаласы бойынша су құбыры желілерінің тозуы қазіргі уақытта 54,2%-ы құрайды, тиісінше 1943 км су құбыры желілерін ауыстыру қажет. Кәріздердің тозуы 56,6% құрайды, яғни 1000 км-ден астам қайта құруды қажет етеді.

Су құбыры мен құрылғылар құрылысының 1-кезегін іске асыру аясында 2030 жылға дейін инвестициялар көлемі 144 млрд теңгені құрайды, су құбыры желілерінің өсімі 900 км, сумен жабдықтаудың инженерлік инфрақұрылымы құрылысының 2-кезегіне (2040 жылға дейін) 257 млрд теңге мөлшерінде қаржы қажет, оның ішінде 1545 км су құбыры желілеріне.

Сумен жабдықтау жүйесін дамытумен бір мезгілде қалалық аумақтарды кәріздеу бағдарламасын жедел іске асыру көзделген. Жобада кәріз желілерін салуды (2030 жылға қарай+546 км, 2040 жылға қарай +1171 км), кәріз тазарту құрылғыларын одан әрі қайта жаңартуды, Батыс коллекторын салуды, Батыс және Боралдай коллекторын, Қаскелең дюкерін, Сорбұлақ бұру және апаттық-ағызу каналын реконструкциялауды, қолданыстағыларын қайта жаңартуды және жаңа КСС салу қарастырылған.

Новости партнеров