|
05.01.2024 | 17:26
3972

Алматыдағы комьюнити-орталықта қандай тегін қызметтер алуға болады

Жастар орталығы қаңтар айында жұмысын бастайды

Алматыдағы комьюнити-орталықта қандай тегін қызметтер алуға болады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының барлық ауданында жастарға арналған 8 комьюнити орталық қаңтарда жұмысын бастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Онда жастар тегін білім алып, мәдени іс-шараларға қатыса алады. Білікті психологиялық және заңгерлік қолдау, қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер беріліп, жұмысқа орналасуға көмектеседі.

8 комьюнити-орталық жылына 800 мыңнан астам жасқа қызмет көрсетеді. Орталықтардың жұмыс кестесі қаңтардың екінші жартысында жарияланады.

Әуезов ауданының Мамыр-1 шағынауданында алғашқы комьюнити орталығы бүгін ашылды. Комьюнити-орталық резиденттерінің айтуынша, бұл - жастарға мүдделес, идеялас бір достармен қатар, жақсы жұмыс табудың тамаша мүмкіндігі.

- Мен біраз уақыт жұмыссыз болдым. Өзімді жаңа салада сынап көргім келді. Барлық жерден мүмкіндік іздедім. Осылайша, Алматы қаласында жастарды қолдау жөнінде тегін курстар өткізілетінін білдім. Сол жерде оқып, қазір математика орталығында сату жөніндегі маман болып жұмыс істеймін. Жоғары жалақы алатынымды мақтанышпен айтамын. Ал комьюнити-орталық мен үшін тамаша мүмкіндік, - дейді қала тұрғыны Дәулет Қали.

Мамыр-1 шағынауданындағы комьюнити-орталықтың ашылуы барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев комьюнити-орталықтарды құру еңбек нарығы үшін сұранысқа ие мамандарды даярлауға және жастарды мегаполистің қоғамдық бастамаларына тартуға мүмкіндік береді, деп атап өтті.

- Комьюнити-орталықтың дизайны – әрбір жастың әлеуетін ашудың кілті. Біз қабырға мен шатырды ғана емес, шығармашылықтың, идеялармен алмасудың және жеке тұлғаның дамуының орталығына айналатын орынды құруға тырысамыз. Жастар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға тырыстық, - дейді дизайн-жобаның авторы, Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесінің өкілі Кристина Бекмурзаева.

Курстарды ұйымдастырумен қатар, Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы Jobfаir365 жастарға арналған жұмыс іздеудің бірыңғай платформасын іске қосты. Бұл іс-шара 11 мыңға жуық жасты оқытуға және 42 мыңнан астам жас буынды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді.

Оқи отырыңыз: Алматыда жастарға арналған комьюнити орталығы ашылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир