Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасының ақпараты бойынша 6 қазан сағат 23-00-ден 7 қазан сағат 11-00-ге дейін «Сейфуллин даңғылы - Жансүгіров көшесінің қиылысында көлік айрығын салу» жобасы аясында инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сейфуллин даңғылынан Ақпаев көшесіне дейінгі учаскедегі Жансүгіров көшесі бойындағы қозғалыс толығымен жабылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жабық учаскені Ақпаев көшесі, Сейфуллин даңғылы және іргелес көшелер арқылы айналып өтуге болады.
Аталған жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 2 маршруттың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертіледі.
Жол жөндеу жұмыстары туралы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы-жол телеграм арнасында (https://t.me/AlmatyJoly) сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдарын ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.
Келесі маршруттардың схемалары уақытша өзгертілді:
Оқи отырыңыз: Алматыда велосипед спортынан «Giro d'Almaty» жарысы өтеді