Алматы қаласы тұрғындарына газды қосу үшін пайызсыз несие беру туралы келісім жасалды
Бүгінгі таңда қалада 2800-ге жуық жеке тұрғын үйлер газбен жабдықтау жүйесіне қосылмаған. Осы жылдың басында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен үйлерді газбен жабдықтау үшін екінші деңгейлі банктер арқылы несие беру мүмкіндігін қарастыру туралы тапсырма берді. Әкімдіктің бұл бастамасын Халық банкі қолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осыған байланысты Халық банкімен бірлескен жұмыс басталды. Алматы қаласы тұрғындарына газды қосу үшін пайызсыз несие беру туралы келісім жасалды.
«Халық Банктің Бас кеңсесі экологиялық жағдайды жақсартуға мүдделі. Қала әкімі Б. Сағынтаевтың ақпан айында тұрғындармен өткізген есептік кездесуінен кейін біз бұл жобаны қолдауға дайын екенімізді мәлімдедік, – деді Халық банк Алматы облыстық филиалының директоры Тасбике Кудикова, – Коронавирус инфекциясы және одан кейінгі карантиннің болуы жұмысты белгіленген мерзімінде тапсыру жағынан бірқатар өзгерістер болғанына қарамастан, біз қала басшылығымен бірлесіп, жобаны жалғастырдық. Бүгін жобаны халыққа таныстырып, оның ауқымы кең екенін атап өткім келеді: ӘЖАҚТ санатына жататын азаматтар, соңғы жылыту маусымына дейін экологиялық таза емес майды қолданған. Олар қаланың ауа бассейінінің тазалығына теріс әсер ететінін бәрімізге мәлім. Халық банкі қала әкімдігі берген тізімдегі үйлерге газды тегін, қайырымдылық көмек ретінде қосып береді, ал басқа үйлерге өте тиімді шарттары бар жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Бұл біздің Алматының ауасын жақсартуға қосқан үлесіміз болады».
Сонымен қатар, әкімдік өткен жылдың тамыз айында газбен жабдықтау жүйесіне қосылуы қажет, әлеуметтік жағынан аз қамтылған халықтың 210 мекенжайын анықтады. 210 мекенжайдың 148-і газға қосылған, ал қалған 62-і қосылмаған. Аудандық әкімдіктер қосымша 30 ӘЖАҚТ (әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар) мекенжайын анықтады, нәтижесінде Халық банкіне 92 мекенжайдың тізімі (Алатау - 40, Бостандық - 6, Наурызбай - 46) берілді.
Халық банкі табысы аз азаматтарға қолдау көрсету және қаланың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында ӘЖАҚТ санатына кіретін азаматтардың үйлеріне тегін газ қосып беруді ұсынады. Жұмыстың сметалық құны - 60 млн. теңгені құрайды.
Несие алу үшін азаматтар келесі кезеңдерді өтуі керек:
- қажетті құжаттар тізімі жайлы кеңесу үшін аудан әкімдіктерімен байланысу;
- егер құжаттар толық болса, онда газ қосудың техникалық шарттарын алу және жеткізушілермен келісім жасау;
- несие алу туралы келісіммен Халық банкінің филиалдарына жүгіну.
Несиелерді банктің мына филиалында алуға болады:
Түрксіб ауданы, Кунгурская көшесі, 2 үй, Халық банкі, 131832 филиалы;
Әуезов ауданы, «Жетісу-4» ықшамауданы, 13 «А» үй, Халық банкі, ЦПС 30.
Арнайы әзірленген бағдарламаға сәйкес халықты 0% мөлшерінде несие алу үшін (Алматы қаласы әкімдігінің тізіміне сәйкес жеке ауданды газдандыру) келесі шарттарды ұсынады:
- сыйақы мөлшерлемесі - 0%;
- несиені рәсімдегені үшін комиссия - 0,1%;
- несие мерзімі - 18 ай;
- бір адамға берілетін ақша 309 000 теңге (бұдан көп емес).