Алматыда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің республикалық семинары өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Семинардың мақсаты – әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін оңалту
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдерінің қатысуымен республикалық семинар өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Семинардың мақсаты әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін оңалту. Жиын барысында тың идеялар мен жаңа методикалар ұсынылды. Семинарға қатысушылар іс-шара аясында қала аумағындағы оңалту орталықтарының біріне барып, жұмыс барысымен танысты. Айта кету керек, Алматыда 10 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар.

«18 жастан 40 жасқа дейінгі науқастарға орталықта түрлі қызметтер көрсетіледі. Орталықтың қамқорлығына алынғандарға қатысты бірқатар жаңа әзірлемелер бар. Ең басты міндет азаматтарымызға барынша көмек көрсетіп, олардың қоғамға бейімдеу болып табылады. Біздің емделушілер өздерін мүмкіндігі шектеулі адам ретінде сезінбеуі керек», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов.

«Мұнда 18 жаспен 40 жас аралығындағы психоневрологиялық аурулармен ауыратын, қызмет алушылар жатады. Бұл жерде медициналық көмек алады, одан кейін осы жерде жатады», – деді Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының әлеуметтік қызмет жөніндегі орынбасары Назира Өміржанова.

Новости партнеров