Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Шетсіз қала» бағдарламасы Бостандық ауданында сәтті жүзеге асып жатыр. Бүгін бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Серік Әбілтаев онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соңғы 8 ай ішінде қалаға қосылған елдімекендерде коммуналдық желімен қамту үшін 23 нысанда жұмыс басталды. Барлық жоба сараптамадан өтті. Бостандық ауданында бас аяғы 376 көше болса, оның 155-інде жарық жоқ. Сондай-ақ, 86 аула жарықтандырылмаған. Биыл 120 аула кешенді жөндеуден өтіп, 2 мың жарық бағаны орнатылады. Айта кетейік, бүгін Алматы телеарнасындағы «Akimat live» бағдарламасына Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов қонаққа келеді. Кешкі сағат 20:00-де басталатын тікелей эфирде көкейде жүрген сауалдарыңызды қоя аласыздар! Бағдарлама нөмірі 334-0024 екенін еске сала кетейік.