Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған қалалық концерт 1 мамырда Абай алаңында Республика сарайының алдында сағат 10:00-де өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Концерт «Жасstars» тобының және ҚР мемлекеттік еңбек сіңірген «Салтанат» би ансамблінің орындауындағы «Қазақстан – достық бесігі» вокалдық-би композициясымен ашылады. Ерболат Құдайбергенов, Рүстем Нұржігіт, Данияр Өтеген, Мәди Рымбаева, Дильназ және Дильшат Ахмадиевтер, Төреғали Төреәлі, Дидар Каден, Aldaspan тобы және т. б. өнер көрсетеді деп жоспарлануда.
Алматы - ШЫҰ-ның 2023-2024 жылдардағы мәдени және туристік астанасы. Осыған орай, халқымыздың бірлік мерексі Татарстан, Өзбекстан және Беларуссиядан келген қонақтарды қарсы алады. Концертке халықаралық байқаулардың лауреаты Зарина Хасаншина, Өзбекстанның, Қарақалпақстанның, Башқұртстанның халық әртісі Жеңісбек Пиязов және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген артисі Жанет Бутерус қатысады. Мерекелік концерттің жалғасы ретінде қазақ, армян, корей, кавказ, түрік, ұйғыр, поляк ұлттық билері және Қазақстанның басқа халықтарының биі ұсынылады.
Дәл осы күні Абай алаңында Қазақстан халықтарының тағамдары фестивалі өтеді, онда 15 мейрамхана қазақ, корей, грузин, орыс, ұйғыр және үнднің ұлттық тағамдарын ұсынады.
1 мамыр күні сағат 11.00-де Жібек Жолы, Панфилов көшелерінде және Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы Ш.Уәлиханов атындағы скверде мерекелік іс-шаралар өтеді. Концерттік бағдарламалар "Алматы әуендері" әртістерінің және "Алатау" дәстүрлі өнер театрының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, музыкалық топтар мен ди-джейлердің қатысуымен жоспарланған.
Мерекелік іc-шаралар қаланың басқа аудандарында да өтеді: