Алматы – бақ қала: Түрксіб ауданында 100-ден астам алма ағашы отырғызылды

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Акцияға қатысушылар жасыл аймақтарды жандандыру бойынша қоғамдық іс-шаралар дәстүрін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Таза Қазақстан» республикалық науқаны және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында мегаполисте «Алматы – бақ қала» акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның аясында бүгін Түрксіб ауданын көгалдандыруға қоғам және саяси қайраткерлер, мәдениет өкілдері, сондай-ақ белсенді қала тұрғындары қатысты. Алма көшеттері Тынышбаев көшесіндегі балалар саябағына отырғызылды.

Акцияға қатысушылар жасыл аймақтарды жандандыру бойынша қоғамдық іс-шаралар дәстүрін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгін біз бірлесіп ондаған көшет отырғыздық, олар ертең жайқалып өсіп, жасыл желекке айналуы керек. Алматылықтардың өз қаласын жақсы көретіні баршаға мәлім, қазір шаһар біздің қамқорлығымызға зәру», - деді журналист Алтынбек Рахымберді.

Естеріңізге сала кетейік, акция барысында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды, оның ішінде 4 мыңнан астамы алма. «Қарағайлы орманы» саябағының аумағында 500 алма және өрік көшеті, «ALA» саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында 1000-ға жуық көшет отырғызылды. Алматы әкімі Ерболат Досаев дәстүр бойынша осы акцияға қала тұрғындарымен бірлесіп қатысты.

Новости партнеров