|
21.12.2023 | 17:40
1016

2026-2027 жылдары оқушы орнының тапшылығы азаяды

"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылуда

2026-2027 жылдары оқушы орнының тапшылығы азаяды Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

2026-2027 оқу жылының басында Алматыда оқушы орнының тапшылығы басқарылатын деңгейге дейін төмендейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев журналистердің сұрағына жауап бере отырып айтты. Қазіргі уақытта қала бойынша оқушы орнының тапшылығы 30 мыңды құрайды. Елдегі демография және ішкі көші-қон есебінен жыл сайын орта есеппен 12-14 мың балаға артып келеді.

- Алматыда "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы іске асырылуда, оның аясында Алматының жобалық кеңсесінің қолдауымен 2024-2025 жылдары 37,1 мың орынға арналған 22 оқу орны салынады, – деді Ерболат Досаев.

Қазіргі уақытта 23 мың орынды 13 мектеп бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жеке инвесторлармен 12 мың оқушы орнына 8 мектеп салуға және сатып алуға меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар МЖӘ бойынша 2 мың орынды тағы 1 мектеп салынады. Осылайша 2025 жылғы 1 қыркүйекке қарай оқушы орындарының тапшылығы басқарылатын деңгейге дейін 3-4 мыңға дейін төмендетіледі.

Анықтама: биыл 1 қыркүйектен бастап Алматыда 4 950 орынды 17 мектеп пен 970 орынды мектептерге қосымша 4 ғимарат ашылды.

Оқи отырыңыз: Білім беру ұйымдарында өртке қарсы қауіпсіздік талабы қатаң сақталады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир