|
15.01.2022 | 17:42
2912

Б. Сағынтаев залалды қалпына келтіру мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесті

Жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев шабуыл мен тонауға ұшыраған ШОБ нысандарын аралады

Б. Сағынтаев залалды қалпына келтіру мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесті

Қала әкімі сату және сервис орындарының иелерімен, сондай-ақ Promenade, MOSKVA Metropolitan, Asia Park, «12 ай» сауда орталықтарының басқарушы директорларымен әңгімелесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалыптасқан жағдайды талқылау барысында жалға алушылар әкімдік Үкімет комиссиясымен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп шешетін бірқатар мәселелер қойды.

Алматы әкімі бандиттер құрылыс құралдарын басып алған «12 ай» дүкенін аралап көрді. 

Сауда орталықтарын, қару-жарақ дүкендерін, банктерді тонауда және азаматтарға шабуыл жасауда балта, балға, ара, тегістеуіш және басқа да құралдар қолданылды.

Сонымен қатар әкім Das auto сервис ТҚКС-ні өртенген жердің иелерімен кездесті, онда клиенттердің 9 автокөлік өртеніп кеткен.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Б. Сағынтаев Полиция департаментіне тергеу іс-шараларын жеделдетуді тапсырды.

ШОБ-ке келтірілген залалды бағалау жөніндегі қалалық комиссия қаланың кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, залал көлемі мен өтемақы сомасын есептеу тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз ететін болады.

Қала әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шағын және орта бизнеске қажетті көмек көрсетілетініне сендірді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир