Ұлттық палата бизнес шығыны қалай өтелетінін түсіндірді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Бүгінде «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен, аумақтық департаменттермен және басқа да ұйымдармен бірлесіп шағын және орта бизнеске келтірілген залалды бағалау бойынша қалалық және аудандық комиссиялар құрылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін, Алматы қаласының әкімі Б.Ә. Сағынтаев шағын және орта бизнеске террористік әрекеттер барысында келтірілген залалды өтеу, оның салдарын жою және қаланың тыныс-тіршілігін жедел қалпына келтіру бойынша жұмысты ұйымдастырды.

Қоғамдық көлік, сауда объектілері, базарлар, кәсіпорындар қызметі жолға қойылуда, жол инфрақұрылымы қалпына келтірілуде.

«Open Almaty» қоғамдық қабылдау базасында тәртіпсіздіктерден зардап шеккен Шағын және Орта бизнес кәсіпкерлеріне келтірілген залалды өтеу мәселелері бойынша жедел желі құрылды:

1308  (ұялы телефондар үшін) және +7 (727) 338-33-88

Бүгінде «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасымен, аумақтық департаменттермен және басқа да ұйымдармен бірлесіп шағын және орта бизнеске келтірілген залалды бағалау бойынша қалалық және аудандық комиссиялар құрылды.

Аудандық әкімдіктер мен Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасының байланыс телефондары:

Алатау ауданы – Белгібаев Олжас Талғатұлы 8 701 7779986

Алмалы ауданы – Хайруллин Ерден Рашидұлы 8 775 5555718

Әуезов ауданы  – Кенеев Ренат Бақдәулетұлы 8 708 6340056

Бостандық ауданы – Садуақасова Жанар Сейітжанқызы  8 701 5019990

Жетісу ауданы – Әкежанов Дамир Нұрсұлтанұлы 8 705 7778130, 8 776 2222870

Медеу ауданы  – Солтанбаев Берік Бекмырзаұлы  8 705 4444060

Наурызбай ауданы – Дандыбаев Бағлан Ерболұлы  8 701 9594439

Түрксіб ауданы  – Лебаев Наиль Мұратжанұлы  8 702 1809007

Алматы қаласының Кәсіпкерлер Палатасы  – Насамбаев Әскербек Жалдыбайұлы 8 701 2422947

Үкімет комиссиясы шағын және орта бизнеске келтірілген залалды өтеу механизмін әзірлеуде, ол бүгінде орталық мемлекеттік органдармен келісу кезеңінде тұр және жақын арада жарияланатын болады.

Бизнеске келтірілген залалды өтеу жөніндегі алдын ала жасалған механизмдермен және тәсілдермен https://atameken.kz/kk/news/46427-npp-raz-yasnila-kak-budut-vozmeshat-sya-ubytki-biznesa-ot-gosudarstva-posle-utverzhdeniya-mehanizma сілтемесі бойынша танысуға болады.

Анықтамалық: 2022 жылғы 14 қаңтардағы жағдай бойынша алдын ала жасалған жалпы келтірілген залал сомасы 128 млрд теңгеден астам (~128,6 млрд.) құрайды. Осылайша, бизнестің шығындары 86 млрд теңгені, әкімшілік ғимараттардың шығындары 22,6 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар, 223 бірлік техника мөлшеріндегі жылжымалы мүлік шығындары 1,9 млрд теңге сомасында бағаланады (жеке автомобильдер бойынша бағалау жүргізіледі), «Almaty Bike» велопрокаттар станциясының шығындары 376,5 млн теңгені құрады. Материалдық-техникалық базаның шығындары 16,7 млрд теңгені құрайды. Зардап шеккен қызметкерлерге төленетін өтемақы төлемі 490 млн теңгені құрады.

Новости партнеров