Наурызбай ауданында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың үйіне өрт датчигі орнатылды

09.10.2020 22:42

Құрылғы түтін шыққан уақытта бірден үй иелерін хабардар етіп, өрт пен уланудың алдын-алуға мүмкіндік береді

inform.kz

Наурызбай ауданында тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың үйіне өрт датчигі орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметкерлері жергілікті баспаналардың мұржасын тазартып, пештегі ақау сызықтарын бекітті. Күнкөрісі төмен тұрғындар үшін пешті пайдалану бойынша жадынамалар да үлестірілді. 2018 жылдан бері қолға алынған қауіпсіздік шарасы аясында аудандағы 171 үйге осындай датчиктер орнатылыпты. Құрылғы түтін шыққан уақытта бірден үй иелерін хабардар етіп, өрт пен уланудың алдын-алуға мүмкіндік береді.

«Біздің бастапқы мақсатымыз мына әлеуметтік осал топтарға, Наурызбай ауданы тұрғындарына осындай датчик орнату. Сонымен қатар, мысалы, көпбалалы аналар, мүгедек адамдар болады. Жылыту маусымы басталғанда, пеш мұржаларын тазалауға өздерінің шамасы келмегендіктен, біз осындай акция жүргіземіз», – деді Наурызбай ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Әлішер Түбеков.