|
24.02.2021 | 18:06
2715

Б. Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті

MEDEF – «Франция кәсіпорындарының қозғалысы» Франциядағы ең ірі жұмыс берушілер федерациясы

Б. Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті

Б. Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті. Онлайн-кездесу барысында Алматы экономикасының түрлі салаларында серіктестік қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі өзінің аккаунтында Францияның MEDEF International бизнес-қауымдастығымен кездесуінің онлайн форматта өткенін айтты.

«Инвестиция, денсаулық сақтау, сауда, туризм сияқты салалардағы әріптестік қатынасты дамыту мәселесін талқылап, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын қарадық», –  деп жазды Алматы әкімі.

MEDEF – «Франция кәсіпорындарының қозғалысы» Франциядағы ең ірі жұмыс берушілер федерациясы. Ол барлық салалардағы 800 мың француз кәсіпорындарын біріктіреді. MEDEF – Франция үкіметінің әлеуметтік және экономикалық келіссөздердегі серіктесі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир