Алмалы ауданында 200-ден аса отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

inform.kz
inform.kz
325 азаматқа 2 млн теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Сапар Нұрашев ӨКҚ брифингінде жергілікті бюджет арқылы әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді, деп  хабарлайды Almaty.tv.

Спикердің айтуынша, биыл атаулы әлеуметтік көмек 209 отбасыға 50,8 млн теңге төленді. 325 азаматқа 2 млн теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді. 1 112 қала тұрғыны 7 АЕК мөлшерінде 23 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды.

Аз қамтылған 730 тұрғынға 20 АЕК көлемінде 39,6 млн теңге бірреттік әлеуметтік көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, ҰОС жиырма қатысушысы мен мүгедектеріне 6,5 АЕК көлемінде – барлығы 1,8 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді.

«Әлеуметтік бытыраңқылықты еңсеру үшін ауданда 1500 көп балалы және аз қамтылған отбасы тіркелген «Бақытты Отбасы» отбасын қолдау орталығы өз қызметін табысты жүзеге асыруда. Орталық базасында мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде, жыл басынан бері жеке гигиена құралдарын, азық-түлік жиынтығын, сондай-ақ сыртқы киіммен 498 отбасы қамтылды», - деді С. Нұрашев.

Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды тегін қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жұмыс істейді. 2020 жылдан бастап клуб дамыту сабақтары курсынан өткен 480 баланы қамти отырып, 5 оқуды жүзеге асырды.

Бүгінде клубта күн сайын 60 бала оқиды. Педагогтармен зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар және көпбалалы аналар қатарынан 29-ы жұмысқа орналастырылды.

Жергілікті атқарушы органдар ауданның мұқтаж тұрғындарын өз ісін ашуға ынталандырады. Олар үшін жаттықтырушылармен тренингтер, блогерлермен кездесулер ұйымдастырады, сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіреді, грант алу мүмкіндігі туралы әңгімелейді.

«Бақытты Отбасы» орталығының көмегімен Qoldau кәсіпкерлерді қолдау орталығы арқылы мемлекеттік гранттарға 8 көпбалалы отбасы құжаттар тапсырды.

Дереккөз: Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі

Новости партнеров