Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тұрақты

20.08.2020 22:48

Алматы әкімдігі апта сайын қаладағы 29 сауда нысанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тексереді


Карантинге қарамастан Алматыда әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы тұрақты болуын қамтамасыз етілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары Қарлығаш Әбдіжаббарова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Сондай-ақ, брифингке "Алматы ӘКК" басқарма төрағасы Асқар Білісбеков қатысты.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі – Алматы қаласы әкімінің ерекше бақылауында екенін атап өткен жөн. Бағаны ұстап тұру үшін кешенді, жүйелі шаралар қабылдануда.

«Аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, негізгі 29 сауда нысандарында: сауда желілерінде, базарларда, Алтын Орда базарында күн сайын ӘМАТ бағаларына мониторинг жүргізіледі. Сауда нысандарымен бағаны негізсіз көтеру фактілері бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілуде. Жеткізушілердің бағаны өсіргені анықталса, онда ҚР өңірлерінен басқа жеткізушілер ұсынылады», – деп хабарлады Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Сондай-ақ, ол тамыз айының басынан бастап жедел шаралардың арқасында ӘМАТ-ның 5 атауының бағасытөмендетілгенін айтты.

"Сары-Арқа", "Көк Базар", "Арыстан" базарларында, "Тоймарт", "Carefood" сауда нысандарында күріш, картоп, пияз, қант, қарақұмық жармасының орташа бағасы қойылды", – деп толықтырды Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Қосымша айта кететін жайт, Алматы қаласының азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, 2017 жылы кәсіпкерлік нысандарға жеңілдетілген қарыз беру арқылы бағаның өсуін тежеу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Осы жобаның оң нәтижелері негізінде, Алматы қаласында, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру Үлгісінің ережелерін әзірледі. Олар бүгінде ҚР барлық өңірлерінде қолданылады.

Бүгінгі таңда осы іс-шара шеңберінде Алматы қаласының әкімдігі мен "Алматы "ӘКК" АҚ-мен бірлесіп, бағаларды тексеру, тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Карантин енгізілген сәттен бастап, ҚР өңірлерінің басшылығымен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қаланың сауда желілеріне тікелей жеткізу жұмыстары жүргізілді.

"Қала базарларына да, сауда желілеріне де 300 тоннадан астам қырыққабатты жеткізу ұйымдастырылды. Қызылорда облысынан күріш, Ақмола облысынан қауыз(рожок) жеткізілді. Қосымша ҚР өңірлерінен көкөніс жеткізуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде", — деп толықтырды Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Бұдан басқа, сиыр етін ағымдағы жылдың соңына дейін 1 келісі 1850 тг белгілеп, қаланың 250 сауда нысанына жеткізу ұйымдастырылды және сауда нысандары 500-ге ұлғайтылды.

27 сауда нысанымен жасалған меморандумдар шеңберінде, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15%-дан аспайтын сауда үстемесінің сақталуына мониторинг жүргізіледі.

Бұдан басқа, ӘМАТ өндірушілеріне агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

"Жыл басынан бері 6 кәсіпорын жалпы сомасы 500 млн тг астам субсидия алды. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 800 млн.теңгеге 5 кәсіпорыннан 350 өтінім қарастырылуда. Бұл 41,9 млрд тг инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Олар – "Масло-Дел" ЖШС, "Беккер и К" ЖШС, "МЗ Солнечный" ЖШС, "RG Brands" ЖШС, "ЕФК" АҚ сияқты ірі кәсіпорындар", – деп хабарлады Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Қаланың өндіруші кәсіпорындарымен ағымдағы жылдың соңына дейін өндірілетін өнімнің бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды.

"Карантин режиміне қарамастан, қабылданған жүйелі әрі жедел шаралардың арқасында қала әкімдігі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға қол жеткізді", – деді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Ағымдағы жылдың сәуір айында тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) 100%-ды құрады. Яғни өзгерген жоқ. Ал мамыр айынан бастап бағалар төмендеді. Мамыр айында ИЦП-99,2%, СЗПТ-ның 6-атауы бойынша бағалар төмендетілді. Осы жылдың маусым айында ИЦП-99,7%, СЗПТ-ның 10 атауы бойынша бағалар төмендетілді. Ағымдағы жылдың шілде айында ИЦП-98,7%, СЗПТ-ның 7 атауы бойынша баға төмендетілді. Тамыз айынан бастап (ИЦП 99,5%) ӘМАТ-ның 6 атауы бойынша: күріш, сүт, айран, картоп, сәбіз, пияздың бағалары төмендетілді.