|
20.04.2023 | 17:49
3186

Қоқыс жәшігіне таста: Алматыда ерекше әлеуметтік эксперимент өткізілді

Эксперимент күтпеген нәтиже берді

Қоқыс жәшігіне таста: Алматыда ерекше әлеуметтік эксперимент өткізілді Almaty.tv.

«Алматы» телеарнасы «Қоқыс жәшігіне таста» атты экологиялық әлеуметтік эксперимент өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының халық көп жүретін көшелерінде «Қоқыс жәшігіне таста» деген жазу желімделген пластикалық бөтелкелер мен банкілер әр жерге тасталды.

Эксперимент нәтижелері бойынша әрбір төртінші адам қоқысты жәшікке тастады, қалған 75%-ы өтіп кетті, олардың кейбіреуі банкілерді теуіп кетті немесе еш мән бермей жүре берді. Шашылған банкілер мен бөтелкелерді жәшікке тастаған қала тұрғынына шоколад түрінде шағын сыйлықтар берілді.

Әлеуметтік эксперимент биылғы жылдың 22 сәуірінде сағат 10:00-де қаланың әртүрлі аудандарында өтетін Almaty Clean and Green акциясы-қалалық сенбілік аясында өткізілді.

Еске салсақ, Almaty Clean & Green акциясы қаланың барлық аудандарында 22 сәуірде сағат 10:00-де өтеді. Қатысушылар үшін тақырыптық шеберлік сыныптары, спорттық және түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Жалпықалалық сенбіліктің бастамашылары Қазақстанның көгалдандырушылар қауымдастығы, ECONETWORK, РҚБ болды «Posadiderevo.kz», Спорттық туристер достастығы. Жұртшылықтың идеясын Алматы әкімдігі қолдады, яғни сенбілікке қатысушылар барлық қажетті заттармен, көшеттермен қамтамасыз етеді  және қоқысты шығаруды ұйымдастырады.

Негізгі іс-шараларды өткізу үшін қоғамдық ұйымдар келесі орындарды анықтады:

Түрксіб ауданында:

1.  «Желтоқсан - 86» саябағы – РОО «Posadiderevo.kz» бірге.

2. Баум тоғайы – ECONETWORK бірге.

Жетісу ауданында:

1.Көкжиек, 32 үй – Қазақстанның көгалдандырушылар қауымдастығымен бірге

Медеу ауданында:

1. «Алатау санаторийі» жанындағы Кіші Алматы өзенінің жағалауы Спорттық туристер достастығымен бірге.

Қаланың барлық ауданында жергілікті сенбіліктер өтеді. Оның толық тізімін Алматы әкімдігінің сайтынан көруге болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир