Қала күні: тұрғындар мен қонақтар пікірін білдірді

15.09.2024 22:49

Алматы тұрғындары ұйымдастырушыларға алғыс айтты

пресс-служба акима Алматы

Жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Алматыда қала күніне арналған түрлі іс-шаралар мен бағдарламалар өткізіледі. Осындай іс-шаралардың бірі - Президент атындағы саябақтың аумағында өтетін ауқымды Apple Fest фестивалі. 
Концерттер, кино көрсетілімдері, қолөнершілер жәрмеңкесі, алма көрмесі мен жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтары мерекелік іс-шаралардан алған әсерін айтты.

Клара Қуанышқызы Қостанайдан Алматыға келді.

- Мен өзім Қостанайдан балаларға қонаққа келдім. Мереке күні кездесіп, қаланы араладық. Іс-шара жоғары деңгейде өтуде. Ауа-райы да тамаша. Барлық жерде адамдардың қуанышты жүзі көрдім. Алматы - әдемі ландшафттары бар ерекше қала. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Бақыт тілеймін, Алматы мен Қазақстан гүлденсін, - деді Клара Қуанышқызы.

Мерекенің кішкентай қонағы - 9 жасар Кәусар.

- Мен саябаққа анаммен бірге концертті тамашалауға келдім. Біз би биледік, ойнадық, әдемі фонда суретке түстік, алма мен балмұздақ жедік. Маған бәрі ұнады. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын», - деді Кәусар.

Алматы тұрғыны Ләззат ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

- Іс-шара үшін көп рахмет! Түрлі-түсті, әдемі, бәрі ұнады. Ауа-райы да қуантты! Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!, - деді Ләззәт. 

Алматыда қала күнін арналған іс-шара кешке дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: Apple Fest: биыл 45 шаруашылық өнімін әкелді