Биыл Алматыдағы Президент саябағында Apple Fest фестивалі он үшінші рет өткізіліп отыр. Ауқымды шараға мыңдаған адам жиналды, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі.
Алматы жұртшылығы сағат 9:00-ден бастап Президент саябағына жиналды Қала тұрғындары мен қонақтары әншілердің әуезді әнін тыңдап, спортшылардың өнеріне куә болды.
– Қала күніне орай мерекелік іс-шара өткізіп жатырмыз. Бұл – Алматыдағы ең елеулі фестиваль. Көп адам келеді деп үміттенеміз. Себебі былтыр 100 мыңнан аса қала тұрғыны қатысқан, – деді ұйымдастырушы Наталья Расторопнова.
Іс-шара аясында қолөнер және зергелік бұйымдар, былғары өнімдері, кәдесыйдың түр-түрі көпшілік назарына ұсынылды. Сондай-ақ қатысушылар асық ату, қазақ күресі мен садақ атудан да бақ сынады. Ал ең бастысы - жұртшылық Алматының төл символына айналған апорт алмасын алуға асығып, ұзаққа созылған кезекке тұрды.
– Өте керемет, тамаша өтіп жатыр. Шелектің алмасын алып жатырмыз, – деді қала тұрғыны.
– Әдемі, қызық болады деп ойламаппын. Адамдардың көңіл-күйін көріп, қайран қалып отырмын, – деді қала тұрғыны.
– Өте күшті ұйымдастырылыпты. Қуаныштымыз! – деді қала тұррғыны.
Apple Fest фестиваліне саны 45 шаруашылық өнімін әкелді. 130 мың тоннаға жуық 30 алманың түрі бар.
– Шонжы ауылынан келдік. Апорт, райка, лимон сияқты алма әкелдік. Кептіріліген алмағығ қағы бар. Алматыға 600 кг алманы 2 көлікпен жеткіздік, – деді кәсіпкер Ғамзат Борисов.
Биыл фестивальде 1700 литрлік компот бір мезетте әзірленді. Осылайша Гиннес рекорды да жаңартылды.
Еске салайық, Apple Fest фестивалі сағат 21:00-ге дейін өткізіледі. Қала халқы цирк өнерпаздарының қойылымын тамашалауға мүмкіндік алады. Ал қала күніне орай ұйымдастырылған ауқымды іс-шаралар легі кешке Абай алаңында да жалғасын таппақ.
Рүстем Айткәрім, Ғани Қалуов, «Алматы» телеарнасы
Оқи отырыңыз: Алматы – біздің ортақ үйіміз: қала күнінде отбасылық фестиваль ұйымдастырылды