Алматыда екінші рет Түркітілдес журналистердің медиа форумы өтті

Алматыда екінші рет Түркітілдес журналистердің медиа форумы өтті
Форумда түркітілдес тілшілердің ғана емес, әлемдік журналистикадағы өзекті мәселелер көтерілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда екінші рет Түркітілдес журналистердің медиа форумы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алғаш рет шара Стамбұл қаласында ұйымдастырылса, биыл әсем шаһар таңдалған. Оған Қазақстандағы журналистермен қатар Италия, Британия, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркиядан 70-ке жуық маман қатысты. Форумда түркітілдес тілшілердің ғана емес, әлемдік журналистикадағы өзекті мәселелер көтерілді. Нақтырақ айтсақ, халықаралық талаптар, медиа ынтымақтастық, ақпараттық қауіпсіздік туралы айтылды. Болашақта кәсіби біліктілікті арттыру үшін журналистерге арналған тегін жобалар жасау жайы да сөз болды. Айта кетейік, Түркітілдес журналистер қоры 8 жыл бұрын құрылған.

«Түркітілдес журналистер жанынан медиа тренерлер мектебі ашылған. Оған отандық және шетелдік Европа елдері, оның ішінде Америка, сонымен қатар Түркі елдерінің тәжірибиелі мамандары бар», – деді  Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы.

Новости партнеров