|
09.09.2022 | 17:50
1701

Алматыда ірі энергонысандар салынып жатыр

4 мыңнан астам жарық нүктесін ауыстыру жоспарланып отыр

Алматыда ірі энергонысандар салынып жатыр politeka.net

Алматыда ірі энергонысандар салынып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Санжар Алин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Электрмен сенімді жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында басқарма 10 жоба (Алатау, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандары) бойынша жұмыстар жүргізуде, биыл 4 жоба аяқталады, қалған жобалар 2023 жылы аяқталады.

«Қазір ірі энергонысандар салынып жатыр: 400 мың тұтынушыны қамтитын екі қосалқы станцияның – «Алмагүл» және «Тұздыбастаудың» құрылысы ірі объектілердің бірі болып табылады. «Алмагүл» қосалқы станциясының құрылысын жыл соңына дейін, ал «Тұздыбастау» қосалқы станциясының құрылысын келесі жылдың шілдесіне дейін аяқтау жоспарланып отыр», - деп хабарлады С. Алин.

Алатау және Бостандық аудандарында 5 жоба әзірлену сатысында, оның мемлекеттік сараптама қорытындысын осы жылдың соңына дейін алу жоспарланған.

ӨКҚ спикері тағы бір бағыт – мегаполисте сыртқы жарықтандыруды орнату туралы айтты.

«Қаланың аудандық әкімдіктері 511 жарықтандырылмаған көшенің тізбесін жасады, оларға 6 854 шам, 6 705 тірек орнатуды жоспарлап отырмыз, 8 аудан бойынша желілердің ұзындығы – 210 км», - деп жалғастырды С. Алин.

Биыл 22 магистралды көшені жаңғыртуды аяқтау және 4 мыңнан астам жарық нүктесін ауыстыру жоспарланып отыр.

Дерекөз: Алматы қаласы ӨКҚ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир