1 қыркүйекте Түрксіб ауданында «Millennium» жеке мектебі өз есігін ашты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ашылу салтанатына «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, «Almaty Finance» кредиттік ұйымының өкілдері, сондай-ақ Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов және Алматы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев қатысты.
«Алматы» ӘКК» АҚ мен «Almaty Finance» осы жобаны іске асыруға көмек көрсетті және Түрксіб ауданында 420 оқушы орны және кемінде 45 жұмыс орны бар жеке бастауыш мектеп құрылысын қаржыландыруды мақұлдады. Несие жылдық 6% - бен 84 ай мерзімге, жеңілдетілген өтеу мерзімімен берілді.
Әлеуметтік және білім беру бағыттары «Алматы» ӘКК» АҚ қызметінің басым бағыттарының қатарына кіреді.