Алматыда Nur Otan партиясының аудан филиалдары қала тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді

30.10.2020 22:50

Онлайн кездесулер мегаполистің 8 ауданында өтті

Пресс-служба Алматинского городского филиала партии Nur Otan

Алматыда Nur Otan партиясының аудан филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары қала тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онлайн кездесулер мегаполистің 8 ауданында өтті, оның барысында партияның аудан филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары әр ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Мысалы, Алмалы ауданының тұрғындарымен онлайн кездесу барысында «Алматы қаласының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Саулет Толғанбаева «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, алматылықтарды қазіргі уақытта күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №54 мектеп ғимаратының сейсмотұрақтылығы бойынша мәселе толғандырды. Тұрғындар тарихи ғимараттың сәулеттік келбетіндегі өзгерістерден қауіптенеді. Шынында да, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде мектеп ғимаратында әскери аурухана ұйымдастырылды және қазір әскери даңқ мұражайы сақталды.

Nur Otan партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Әлбисенов бұл мәселеге қатысты нақты түсініктеме беріп, мектептің сейсмикалық нығайтылуы ғимараттың тарихи келбетін сақтай отырып жүргізілетінін атап өтті.

Жалпы Алмалы ауданында 48 тарихи және мәдени ескерткіш бар, оның 30-ы сәулет ескерткіштері.

Ал Әуезов ауданында партиялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты мәселелер көтерілді. Тек соңғы айдың өзінде ауданда «Жұмыспен қамту жол картасын» жүзеге асыру аясында партиялық бақылаумен 3 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі сыналды. Еңіс көтергіштер Сайын-Қойшыманов, Сайын-Юрий Ким, Сайын-Рысқұлбеков көшелерінде тексерілді. Олар халықтың аз мобильді топтарына арналған: Мүмкіндігі шектеулі адамдар, зейнеткерлер және жүкті әйелдер. Осыған ұқсас мәселе Наурызбай ауданында да айтылды. «Nur Otan» партиясы Наурызбай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әйгерім Түгерекова ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының орындалуы туралы айтып берді. Мысалы, ағымдағы айда партиялық бақылау Ақжар шағын ауданы аумағында 120 орындық балабақша мен 6 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысы, Шұғыла шағын ауданында магистралды су құбыры мен кәріз құрылысы және Қалқаман шағын ауданындағы № 7 Қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің қосымша құрылысы бойынша объектілерге көшпелі мониторинг жүргізді.

Партияның Медеу аудандық филиалында коронавирустық инфекцияны алдын алуға қатысты тақырып қаралды. Эфирде Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілі Айбек Әскербек қатысып, қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Сондай-ақ тұрғындардың локдаун және тиісті қызметтердің коронавирустың екінші толқынына дайындығы туралы сұрақтарына жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы Nur Otan партиясының қызметі туралы барлық өзекті ақпарат партияның қалалық және аудандық филиалдарының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тұрақты түрде жарияланады.