Алматы қаласында 50 жаңа троллейбус сатып алынады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев жергілікті бюджетті нақтылау жөнінде өткен мәслихаттың XXII сессиясында мәлімдеді. Айтуынша, бюджетке енгізілген түзету ең алдымен, Алматы тұрғындарының талап-тілегін ескере отырып, әлеуметтік басымдықты іске асыруға бағытталды.
«Қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға 13,6 млрд теңге қарастырылған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін (жол белгілерін салу) қосымша 500 млн теңге бөлінді. Бұқтырма-Құлжа жолайрығының құрылысын аяқтауға 2,4 млрд теңге, жолдарды орта және ағымдағы жөндеуге 1,7 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар, 6,3 млрд теңге 50 троллейбус сатып алуға бағытталады, бұл қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді», - деді әкім.