"LRT мен BRT салынады": Алматыдағы кептеліс қалай шешіледі

informburo.kz
informburo.kz
Президенттің төрағалығымен өткен Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Ерболат Досаев айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте мегаполис әкімі Ерболат Досаев биылғы 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндама жасады, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.
"Алматы қаласының көлік жүйесі тиімділігін арттыру үшін әкімдік Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында көзделген 5 жаңа полиорталығының дамуын ескеріп, қаланың көлік қаңқасын әзірлеп жатыр. Болашақ көлік қаңқасының негізі халықтың 75%-ы үшін жаяу жүргіншіге қолжетімді жылдам қоғамдық көлік – метро, LRT және BRT болады. Бұл жолаушылардың қозғалыс жылдамдығын 20-30%-ға арттыруға мүмкіндік береді", –  деді Ерболат Досаев.

Соның нәтижесінде қарбалас шақта қозғалыс аралығын қазіргі 30 минуттан 5-10 минутқа дейін төмендету жоспарға енген. Шебер жоспар биыл желтоқсанда қабылданады.

Бұған қоса, қалалық қоғамдық көлікпен интеграциялау және қалаға кіретін автокөлікке шектеу қою үшін полиорталықты ескере отырып, 3 көлік-ауыстырып мінгізу торабына жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Бұл 2026 жылға дейін қалаға кіретін көлікті 120 мың бірлікке дейін қысқартуға жол ашады.

Новости партнеров