Алматы әкімі IEC International компаниясының басшысымен және ресейлік басқарушы серіктесімен ынтымақтастық мәселесін талқылады

01.11.2021 22:56

Кездесуде мегаполистің көлік саясатын жетілдіру мәселесі айтылды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев IEC International консалтингтік компаниясының президенті Е. Козыревамен және IEC Group-тің Ресей бойынша басқарушы серіктесі П. Чистяковпен мегаполистің көлік саясатын жетілдіру, соның ішінде, Big Data негізінде жетілдіру бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.                

Бұл туралы шаһар басшысы өзінің Twitter-парақшасында хабарлады.

«IEC International консалтингтік компаниясының президенті Е. Козырева мен IEC Group-тің Ресей бойынша басқарушы серіктесі П. Чистяковпен кездестім. Мегаполистің көлік саясатын жетілдіру, соның ішінде Big Data негізінде жетілдіру бойынша ынтымақтастық перспективаларын талқыладық», – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.