Алматы тауларында блок-бекеттер қойылды

18.01.2024 23:00

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады

elements.envato.com

Алматы тауларында қар көшкіні қаупі сақталады. Осыған байланысты блокпостар қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Адам өміріне қауіпті аймақтарға, яғни Космостанция автожолындағы Аюсай бөгетінен жоғары және Шымбұлақ — Тұйықсу мұздығы тасжолындағы Эдельвейс көшкін жинау ауданында блок-бекеттер орнатылды. Көшкін қаупі кезеңінің басынан бері адамдар өтпейтін аумақтарда жалпы көлемі 27 мың текше метрден асатын 23 қар көшкіні болды. Абырой болғанда зардап шеккен адам жоқ, - деп хабарлады Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар үш мәрте профилактикалық мақсатта қар көшкіні жүргізілді.

Жарылғыш әдіспен 7 мың текше метрден астам қар массасы түсірілді.Құтқарушылар қала тұрғындары мен қонақтарын тауға барудан бас тартуға шақырды.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 22-28 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы