Жобаның мақсаты – қала тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстары негізінде Алматы қаласы аудандарының аумағын дамыту және абаттандыру
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы, Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев қалалықтарға ауданның дамуына өз үлесін қосып, өз жобасын іске асыру үшін бюджеттік қаражатқа өтінім қалдыра алатынын еске салды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жобаның мақсаты – қала тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстары негізінде Алматы қаласы аудандарының аумағын дамыту және абаттандыру. Халық бұл бастаманы өте жақсы қабылдады. Бұл тәсіл аумақтарды тиімді басқару үшін қала тұрғындары мен жергілікті билік арасындағы диалогты көздейді», – деп атап өтті А. Масабаев.
Пилоттық жоба аясында аудан тұрғындары өткен жылы қалалық ортаны дамыту бойынша 50-ден астам идея ұсынды. Оның ішінде 26 жоба сараптамалық комиссиядан өтіп, дауыс беруге жіберілді. Ашық дауыс беру нәтижелері бойынша тұрғындардың өздері қазір жүзеге асырылып жатқан 7 жобаны анықтады:
1. Алатау шағын ауданындағы «Ардагерлер Алаңы» саябақ учаскесін абаттандыру. Жұмыс 95%-ға аяқталды. Аяқталу мерзімі-биыл 10 қазанға дейін;
2. Думан-2 шағын ауданды абаттандыру. Жұмыстар 99%-ға аяқталды. Аяқталу мерзімі-ағымдағы жылдың 5 қазанына дейін.;
3. Бутаковка ш/а учаскесін абаттандыру Керей-Жәнібек хандары көшесінің бойы. Жұмыстар 40%-ға аяқталды. Аяқтау мерзімі-ағымдағы жылғы қазан айының соңына дейін.
4. Атырау ш/ауданының Рысқұлов даңғылындағы учаскені абаттандыру. Жұмыстар 50%-ға аяқталды. Аяқталу мерзімі-а. ж. 10 қазан;
5.Жолдасбеков көшесінен төмен Меңдіқұлов скверін абаттандыру. Жұмыстар 85%-ға аяқталды. Аяқтау мерзімі-ағымдағы жылғы қазан айының соңына дейін;
6. 8 көтергіш механизмдерді орнату. Жұмыстар 40%-ға аяқталды. Аяқтау мерзімі-ағымдағы жылғы қазан айының соңына дейін;
7. Жарбұлақ өзенінің бойына қоршау орнату. Жұмыстар 80%-ға аяқталды. Аяқтау мерзімі-ағымдағы жылғы қазан айының соңына дейін.
Сондай-ақ, А. Масабаев жобаға қатысуға өтінімдер ағымдағы жылдың 5 қазанына дейін қабылданатынын еске салды.
«Бюджетке қатысу» жобасы бойынша тұрғындардан өз ұсыныстарын беруді және аудан бюджетін қалыптастыруға қатысуды сұраймын. Біз сіздердің барлық ұсынысыңызды қабылдауға дайынбыз: гүлзарлар, аулалар, балалар алаңдары бойынша, абаттандыру, жарықтандыру және т. б. өтінімдер 5 қазанға дейін қабылданады. Біз қала тұрғындарының ұсыныстарын қабылдап, оларды келесі жылы іске асыруды бастаймыз», – деп бөлісті Ә. Масабаев.
Тұрғындарды осы жобаға белсенді қатысуға шақыратынын тағы да атап өтті.