Парасат оңалту орталығында 280 бала ем алса, мерекелік жиынға тек 100 бала қатысты
Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жыл кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Парасат оңалту орталығында 280 бала ем алса, мерекелік жиынға тек 100 бала қатысты. Мекеме басшылығы денсаулығына байланысты қатыса алмаған бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табысталады деді. Мұндай игі бастама ата аналардың да көңілінен шығып отыр. Айтуларынша, осындай жиындар бүлдіршіндердің көңіл күйін көтереді. Ал бұл өз кезегінде олардың ем алуына да оң әсерін тигізеді дейді. Айта кету керек, оңалту орталығында мұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады екен.
«Бүгін бізде әлеуметтік салада, Парасат оңалту орталығында жаңа жылға қарсы мейрам өткізейін деп жатырмыз. Бізде 280 бала және ересек балалар қызметалады», – деді Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Ләззат Зәкірбаева.
«Біз Парасат орталығында 2016 жылдан бері осындамыз. Жақсы әр мейрамда неше түрлі іс-шаралар болады, барлығына қатысамыз», – деді зейнеткер Әния Беделбаева.