Бүгіннің өзінде креативті индустриялар экономика үлесінің шамамен 1,7%-ын алады
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың экономика құрылымын өзгерту жөніндегі тапсырмасы қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
І. Өсеровтың айтуынша, құрылымдық маневр дәстүрлі экономиканың тәуекелдерін азайту және жоғары білікті жұмысшылар үшін жаңа жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарын құру мақсатында жүзеге асырылады.
Бүгіннің өзінде креативті индустриялар экономика үлесінің шамамен 1,7%-ын алады. Бұл қызметкерлер саны 45 мың адам болатын 17,8 мың ұйым мен жеке кәсіпкерлер (барлық кәсіпорындардың 8,8%). Көрсетілген қызметтер көлемі – 402,8 млрд теңге.
Almaty Creative Industries Forum – креативті индустриялар саласындағы алғашқы басты оқиға. Форум мемлекет, креативті кәсіпкерлер және осы саланы дамытуға мүдделі барлық тұлғалар арасында тәжірибе алмасу және ашық диалог алаңына айналады. Оны жүргізуге 124 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ форумға халықаралық спикерлердің, креативті сектор кәсіпқойларының қатысуы жоспарланған.
Almaty Creative Industries Forum аясында осы жылдың желтоқсан айында креатин бойынша чемпионат және акселерация бағдарламасы жоспарланған. Бұл жобалар монетизацияның жоғары әлеуеті бар бірегей шығармашылық идеяларды анықтауға және олардың өмірге келуіне көмектеседі.
Форум онлайн форматта өтеді, сондықтан оған кез-келген адам қатыса алады.