Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы белгілі болды

06.05.2022 в 23:14

Сайлауға 200-ге жуық адам қатысты

Бүгін Мәслихаттың кезектен тыс XIX сессиясында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілді. Сайлауға 200-ге жуық адам қатысты. Қоғамдық кеңес құрамына сайлауды әрбір кандидатпен әңгімелесу ұйымдастырған жұмыс тобы өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

1.Кисиков Бекнур Сейтжанович - Қазақстан франчайзинг қауымдастығының президенті

2.Кобеева Алтынай Орманкалиевна - «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ директоры, Алматы қаласы Мәслихатының депутаты

3.Джапаров Борис Аликенович - Қазақстан ғылыми-білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры (КазРЕНА)

4.Ким Вячеслав Семенович - Қазақстан корейлері Қауымдастығының басқарма мүшесі, «Жеңіс» фирмасы ЖШС директоры

5.Абдушкуров Мурат Муктарович - Ауғанстандағы соғыс және жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері мен мүгедектері Үйлестіру кеңесінің төрағасы

6.Альжанова Аида Курмангалиевна - «Adam Damu» Еуразиялық гуманитарлық орталығы» ҚҚ төрайымы

7.Гасанов Рафаэль Руфикович - ҚР «Жастарға жол» жастарды дамыту қорының президенті, Independ.kz ақпараттық агенттіктің басшысы

8.Джепка Богдан Игоревич - Мүгедек адамдарды оңалту жөніндегі Алматы мүгедектер қоғамының мүшесі, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғайтын белсенді

9.Касымжанова Жанат Какимсеитовна - «Инновациялық технологиялар және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС бас ғылыми кеңесшісі

10.Ерлан Диана - Отбасы, әйелдер істері және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Kzhol «Қайырымдылық қоры» қамқоршылық кеңесінің мүшесі

11.Жумадил Арман Кабдешулы - Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Қазақстан мен шектес елдердің ежелгі және ортағасырлық тарихы бөлімінің меңгерушісі, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары

12.Ким Владимир Алексеевич - «Интеркоммерц Казахстан» ЖШС Құрылтайшы дамыту жөніндегі директоры, #нетутильсбору қоғамдық қозғалысы активінің құрушысы және мүшесі, «Намыс» саяси партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың мүшесі

13.Курабаева Жанар Тукешкызы - «Фирма-Тигрохауд» ЖШС Бас директоры, бизнесвумен

14.Арупов Акимжан Арупович - Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры, «Тұран» университетінің профессоры, Қазақстан ұйғырларының қалалық этномәдени орталығы Басқарма Төрағасының кеңесшісі

15.Шибутов Марат  Максумович - «Халықаралық Әлеуметтану және саясат институты» ҚҚ директорының орынбасары, саясаттанушы

16.Байсакова Зульфия Мухамедбековна - «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» ЗТБ басқарма төрайымы

17.Көпжасарұлы Ерқанат - Журналист, «31 арна» телеарнасының «Неге?» қоғамдық - саяси ток-шоуының жүргізушісі

18.Жакупов Нуржан Бауржанович - «Путь Домой» ҚҚ төрағасы, «Забота о Ближнем» ҚҚ төрағасы, «Наркостоп» жобасының кураторы

19.Камалов Бахтияр Камалович - «ҚР Ардагерлер ұйымы» РҚБ Медеу аудандық филиалының төрағасы

20.Шиманская Полина Викторовна - Журналист, блогер, ОКА, Edu Stream білім беру компаниясының баспасөз хатшысы

21.Наурызбаев Асет Кабдушович - «Solai Tech» ЖШС тең құрылтайшысы, «Алматының таза ауасы» азаматтық бастамасының модераторы

22.Нуртаев Тимур Таймасович - «Timus Development» ЖШС директоры, «Qazaq Geography» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі

23.Тау Сырымбек - «Daco motors KZ» ЖШС құрылтайшысы, меценат, блогер

24.Тайтулеев Толеугали Мухамеджанович - «Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжі» КМҚК директоры, Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті

25.Кураев Ислам Бактияр-Оглы - «Almaclub» қазақ ауызекі тіл клубының құрылтайшысы, «ASHINA MEDIA GROUP» ЖШС директоры, саясаттанушы

26.Рамазан Бекбол Батыржанұлы - Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясының проректоры

27.Рақышев Еркінбек Әбдіғаппарұлы - Қазақстандық кинорежиссер, сценарист, «Жас Ұлан» киностудиясының директоры

28.Шишигина Ольга Васильевна - Қазақстандық жеңіл атлет, Олимпиада чемпионы, жаттықтырушы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, АОСК бастығы

29.Капасов Думан Жандосович - «Green Oi» ҚҚ жетекшісі, Қазақстан Велоқоғамының негізін қалаушы

30.Белянов Александр Петрович - Алматы қаласы Әділет департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы, «Express Autoservice» Компания президенті

31.Кожалиева Тогжан Бақытжанқызы - «HAQ» қоғамдық қайырымдылық қорының атқарушы директоры

32.Масалимова Алия Рмгазиновна - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлеуметтік даму жөніндегі проректоры м.а.

33.Жанысбай Талғат Сағатұлы - «Құндылықпен Тәрбие» ҚБ Төрағасы

34.Байгабулова Гульмира Масабаевна - «Urban Living» ЖШС Бас директоры, құрылтайшысы, урбанист

35.Ғазиз Қайсар Айдосұлы - Жас белсенді, жеке кәсіпкер

36.Шопшекбаева Айгуль Шопшекбаевна - Отставкадағы полиция полковнигі, ювеналды тәжірибе саласындағы танымал маман, Алматы қ. ПД ардагерлер Кеңесі Төралқасының мүшесі, Алматы қ. отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның мүшесі