Алматы әкімі Әуезов ауданындағы №127 мектептегі күрделі жөндеуден кейінгі ақауларды жоюды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ерболат Досаев Алматының Әуезов ауданындағы нысанды аралау барысында "№127 мектептің күрделі жөндеуі қанағаттанарлықсыз жүргізілді" деп мәлімдеді. «BEREKET-TK» ЖШС мердігерлік ұйымына бірқатар сұрақтар мен шағым бар, қала басшысы барлық ескертуді жедел жоюды тапсырды, Мектеп балаларды қабылдауға толық дайын болғанда ғана ашылуы мүмкін.
№127 мектеп 1988 жылы салынған, содан бері ғимаратта жөндеу жұмысы жүргізілмеген. Қауіпсіздік пен білім берудің заманауи нормаларына сәйкес келу үшін Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша 2,4 млрд теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстары 2022 жылдың қазанда басталды, қазіргі уақытта жұмыстар 95 пайз аяқталды.
Қала басшысына жұмыс барысында сейсмикалық күшейту, шатырды, ғимаратты, жылыту жүйесі мен су құбырын жөндеу, бүкіл аумақ бойынша қоршауды ауыстыру, спорт кешенін орнату жұмыстары жүргізілгені баяндалды. Қазіргі уақытта мердігер ұйым аумақты абаттандырумен айналысуда.
Ерболат Досаев құрылыс басқармасы басшылығының назарын мердігерлік ұйым жүргізген жобалық жұмыстардың сапасына аударды. Қала басшысы күзгі-қысқы кезеңде балаларға ыңғайлы болу үшін мектепке кіре берісте резеңкеленген учаскелердің болмауын, қабырғаларды бояуға қатысты талаптарды айтты. Қала әкімі сондай-ақ балалардың құлауы мен жарақаттануын болдырмау үшін мектептегі табалдырықтарды қайта жабдықтауды, дәретханадағы раковиналар аймағындағы электр сымдарын оқшаулауды, желдетудің техникалық бұзылуын жоюды және оқушыларға ыңғайлы және жайлы болу үшін ауланы абаттандыруды тапсырды.
Бұдан басқа, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын техникалық қадағалауды жүзеге асыратын компанияға ескерту жасалды. Белгіленген мерзімге сәйкес, мектеп биыл қарашада ашылуы керек еді. Қала басшысы мердігерге желтоқсанның соңына дейін барлық олқылықты жоюға уақыт берді.