|
17.12.2023 | 18:20
2341

Алматыда қар тазалау жұмысы жалғасуда

Барлығы 344 бірлік арнайы техника мен 840 жол жұмысшысы жұмылдырылды

Алматыда қар тазалау жұмысы жалғасуда фото: пресс-служба акима Алматы

16-17 желтоқсанда Алматыда 9 см-ге жететін қар жауып, оны жаппай тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Жолға көктайғаққа қарсы материал себіліп, қарды жолдың жиегіне қарай үйіп, оны жаппай шығару жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 6300 м3 қар шығарылды. Қар шығару бойынша негізгі жұмыстар түнгі кезеңге жоспарланған. Өйткені сол кезде жол қозғалысы бәсеңдеп, жол жиегіне тұрақтаған көлік саны біршама азаяды.

Тротуар, көпшілік орындар, аялдамаларды тазалауға ерекше көңіл бөлінуде. 185 бірлік шағын көлемді арнайы техниканының көмегімен тротуарда механикаландырылған жинау жүргізілуде.

Сонымен қатар техниканың өтуі мүмкін емес тротуарларда (баспалдақтар, пандустар және т.б.), сондай-ақ қоғамдық аялдамаларды 425 жұмысшы қар мен мұздан қолмен тазалап жатыр.  Барлығы 344 бірлік арнайы техника мен 840 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктерінде қар жинау жұмыстарының жүргізілуін бақылау бойынша тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды.

Ауа температурасы бүгін 0 градустан -2 градус, түнде -4...-6. Ертең 18 желтоқсан 0...-2 болады деп күтілуде. Ал 20 желтоқсанға дейін жауын-шашын болмайды.

Қалалық шаруашылық жұмысындағы проблемалар туралы тәулік бойы Open Алматы 1308 телефоны арқылы хабарлауға немесе +7 706 689 8898 What's App нөміріне шағым жазуға болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда қар тазалау жұмысы жалғасуда

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир