Бостандық ауданы әкімдігі қала тұрғындарының көмегімен 4 жобаны іске асырды
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбаев, «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша ауданда қандай жобалар іске асырылғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала әкімдігі тұрғындармен бірлесіп, «бюджетке қатысу» арқылы қалалық ортаны жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде. Бостандық ауданы әкімдігі қала тұрғындарының көмегімен 4 жобаны іске асырды.
«Бюджетке қатысу» жобасы аясында Бостандық ауданы аумағында 14,32 млн тг тең 4 жоба жүзеге асырылды. Олардың ішінде – жағалау құрылысы, балалар алаңы бар тренажерлер, Жароков 284/1 мекенжайындағы балалар ойын алаңын жобалау және жөндеу. Бұл жаңа үй. Ол жерде балалар алаңы қарастырылмаған болатын. Биыл құрылысты аяқтаймыз. Тұңғыш Президент атындағы саябақта екі жоба іске асырылды: құны 1 млн тг болатын интерактивті, сөйлейтін орындықтар және құны 1,7 млн тг болатын «Тоғызқұмалақ» ойынына арналған алаң», – деп хабарлады Серік Әділбаев.
Сөйлейтін отырғыштарды Бостандық ауданының бірнеше жерінде орнату жоспарлануда. Отырғыштар қызықты, себебі олардың ішінде белгілі қазақ ақындарының өмірбаянын айтатын немесе адам оған отырған кезде олардың шығармаларын, әндері мен өлеңдерін орындайтын аудиожүйе орнатылған.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 2021 жылға өтінімдер қабылдау басталды. Қабылдау 5 қазанға дейін budget.open-almaty.kz. сайтында жүргізіледі. «Бюджетке қатысу» жобалар конкурсы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең-өтінім беру. Екінші кезең-сараптамалық кеңестің жобаларды бағалауы. Бұдан кейін жобаларды пысықтау қажет. Жобалар үшінші кезеңде пысықталғаннан кейін өтінімдер хаттамамен ресімделеді және 1 жұмыс күні ішінде сайтта жарияланады.
Сайтта жобалық ұсыныстар орналастырылған сәттен бастап, 2020 жылдың 8 қарашасында сайтта авторизациядан өткен тұрғындар дауыс бере алады. 10-нан кем тұрғын дауыс берген жобалық ұсыныстарды іске асыруға жол берілмейді. Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі Сайтта және БАҚ-та жарияланады. Қорытындысында аудандық әкімдіктер мен басқармалар бюджеттік заңнамаға сәйкес қаржыландырылатын бюджеттік өтінімдер мен жобаларды қалыптастырады.