Ақтөбе облысында бұзақылық жасаған жеткіншіктер үстінен қылмыстық іс қозғалды

23.09.2020 01:20

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде

almaty.tv

Ақтөбе облысындағы оқушы қыздар арасында орын алған бұзақылыққа қандай жаза қолданылатыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жеткіншектер үстінен қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігіндегі бұзақылық бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұзақылар кәмелеттік жасқа толмағандықтан, олардың ата-аналары да жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, бүгін желіде Ақтөбе облысының 9-сынып оқушылары 8-сынып оқушысын соққыға жыққан видеосы тарады. Ал оқиға орнындағылар барлығын ұялы телефонға түсіріп алған.

«Аталған факт негізінде  қылмыстық кодекстің 293-бап, 2-бөлігі бұзақылық бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу  жүргізілуде. Бұл фактіні Темір аудандық полиция бөлімі кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциясы анықтады. Қазіргі уақытта кәмілетке толмағандардың ата-аналарын балаларды тиісінше тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешілуде», – деді   Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.