Алматының Наурызбай ауданы әкімдігі ұстаздарға тосын сый ұйымдастырды

01.10.2021 23:33

Түрлі сала қызметкерлері мұғалімдерге гүл шоғы мен сый-сияпат табыстады

«Ғалым да, шахтер да бас иетін, Ұстазым, бар сенің қасиетің». Егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін сақтайтын білімді ұрпақтың тәлімгері – ұстаздар. Бүгін білім ошақтары оқушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздар қауымын жарыса құттықтауда, деп хабарлайды Almaty.tv

Мектептің жүрегі болған мұғалімдерге Наурызбай аудандық әкімдігі ерекше тосын сый ұйымдастырды. Әртүрлі сала қызметкерлері аяулы ұстаздарға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында сабақ үстіне тосыннан кіріп, гүл шоқтары мен сый-сияпат табыстап, құрметке бөледі.  

«Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында аудандағы 150-ден астам ұстаздарды аудан әкімінің құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапаттадық. Енді сол 9 мектепке бір-бір ұстаздан қызмет басшылары өздері тікелей барып құттақтауды жөн санадық», – деді Наурызбай ауданы әкімі аппараты Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Шонабаева Мадина.